Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды
Аманғали Бердалин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин 17 тамызда Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар негізгі жобалардың жүзеге асырылуымен, мал шаруашылығының дамуымен және ветеринариялық нормалардың сақталуын бақылаумен танысу.
Жұмыс бағдарламасы аясында вице-министр «Рамадан» ЖШС-нің сүт өндіретін фермасының құрылысымен танысты және сүт сиырларын әкелу кезінде ветеринариялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Еске сала кетейік, биыл СҚО тәжірибесін аймақтарда тарату бағдарламасы аясында 65 сүт фермасы салынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы