Ауыл шаруашылығы санағына 3,7 млрд теңге бөлінді
Бұл туралы ОКҚ алаңянда Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді.
Санаққа заңды тұлғалар, фермерлер, ауыл шаруашылығымен айналысатын үй шаруашылықтары қатысады. Сауалнама онлайн (1–31 тамыз) және офлайн форматта өтеді. Санақ деректері мемлекеттік саясатты тиімді жоспарлау мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажет.
Оларды оқыту Бюроның data Literacy Hub платформасында ұйымдастырылған. Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушы білімдері мен жұмысқа дайындығын растау үшін міндетті тестілеуден өтуі керек. Ұлттық статистика бюросының басшысы ниет білдірген адамдарды санаққа интервьюер мен нұсқаушы ретінде қатысуға шақырды.
Интервьюер мен нұсқаушы ретінде санаққа қатысқысы келетіндердің барлығы біздің 1446 байланыс орталығына өтініш қалдыра алады. Айта кетейік, өткен аптада біз «Қазпошта» АҚ-мен меморандум жасастық, онда ауыл шаруашылығы санағына интервьюерлер ретінде пошташыларды тарту мүмкіндігін қарастырдық, - деді спикер.
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Шығындардың негізгі бөлігі техникалық қолдау мен еңбекақыға байланысты.