Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қатысты тауар биржасы тоқтатылды
Еліміздің Тауар биржалары туралы заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмегені үшін «Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың және мемлекеттік мекемелердің тауар биржасы" АҚ таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Ақмола облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен жарғылық капитал мөлшерінің Тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмегені үшін «Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың және мемлекеттік мекемелердің тауар биржасы" АҚ таратылғанын хабарлады.
Шешім 2023 жылдың 16 ақпанында заңды күшіне енді. 2023 жылғы 6 наурызда тиісті мәліметтер бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізіліміне енгізілді. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес лицензия, оның ішінде заңды тұлға таратылған жағдайда, қолданысын тоқтатады - делінген хабарламада.
Осыған байланысты, Агенттік «Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттік мекемелердің тауар биржасы» АҚ 2012 жылғы 13 қаңтардағы №1000359 тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензияның қолданысын тоқтатқанын хабарлады.