Ауыл шаруашылығы министрлігі қарбызды қашан жеген қауіпсіз екенін айтты
Вице-министр қарбызды тұтынуға ең қолайлы кезеңді атады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкіметтегі брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, қарбызды тұтынудың ең қауіпсіз кезеңін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, бақша дақылдарын өсіру технологиясы төрт кезеңнен тұрады: үлдірдің астында өсірілетін ерте өнім, орта мерзімде пісетін өнім, кеш өнім және шетелден жыл бойы жеткізілетін өнім.
Елімізде өсірілетін өнімге келсек, қарбызды тұтынудың ең қауіпсіз кезеңі – шілденің соңы мен қыркүйек айының аралығы. Осы уақытта өнім әртүрлі тыңайтқыштар мен өсу стимуляторларын қолданбай, табиғи жолмен піседі. Әсіресе балаларға ерте піскен қарбызды жеуден әзірге бас тартқан дұрыс. Бұл – сарапшы ретіндегі жеке пікірім, – деді вице-министр.
Ол сонымен қатар шетелден әкелінетін барлық жеміс-көкөніс өнімдері қауіпсіздік талаптарына сай тексерілетінін айтты. Фитосанитарлық талаптар тұрғысынан мұндай өнімдер қауіпсіз деп есептеледі.
Сонымен бірге санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мәселесі де өзекті болып қала береді.
Химиялық заттар шамадан тыс қолданылған жағдайда олардың қалдық мөлшері өнім құрамында сақталып, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
- Олимпиада-2028 ойындарына БАҚ өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдау басталды 00:22
- 29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі 09.09.2026
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 09.09.2026
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 09.09.2026
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 09.09.2026
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 09.09.2026
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 09.09.2026