Ауыл шаруашылығы министрі Қарағанды облысының шаруаларымен кездесті
Айдарбек Сапаров Қарағанды облысының шаруаларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АШМ басшысы диқандардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, қолдау шаралары туралы айтып, өңірдің бірнеше агрокомпанияларына барды.
Қарағанды облысында биыл егіс алқабы 1,2 млн га құрады, оның ішінде 1 млн га дәнді және бұршақты дақылдар. Жедел деректер бойынша 16 қазанда диқандар 721,7 мың гектар астықты немесе жалпы алаңның 73%-н жинады. Орташа өнімділігі 6,5 ц/га болған кезде 466,5 мың тонна астық бастырылды.
Айдарбек Сапаров шаруалармен әңгімелесу барысында Үкімет егіннің сапасына әсер еткен қолайсыз ауа-райының салдарын азайту үшін қажетті шаралар қабылдағанын атап өтті.
Астықты кептіру үшін 62,5 мың тонна көлемінде арзандатылған баға бойынша жеңілдікті дизель отыны бөлінді.
«Бәйтерек» холдингінің қаржы институттары тауар өндірушілерге қатысты айыппұл санкцияларын қолданбай кредиттерді ұзартуды жүргізуде.
Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша форвардтық сатып алу және тауарлық несие бағдарламаларына қатысатын фермерлер үшін әділ сатып алу бағасы белгіленді. 3 – сыныпты бидайдың бағасы 120 мың теңгені, 4-сыныпты-105 мың теңгені құрайды. Міндеттемелерді ақшамен айыппұл санкцияларын қолданбай немесе сапаның төмендеуі үшін 5% мөлшерінде өтемақы төлей отырып, 4-сыныпқа ауыстыра отырып орындау мүмкіндігі берілетін болады. Форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 1 жыл мерзімге кейінге қалдырылды. 2023 жылғы комиссия бекітілді. Бір жылға ұзарту үшін фермер тек 3% төлеуге міндетті болады, - деп толықтырды министр.
АШМ басшысы инвестициялық жобаларды іске қосуға дайындалып жатқан Қарағанды облысының екі ауданында болды. Нұра ауданында Айдарбек Сапаров суармалы жерлерді енгізу, жаңа сүт-тауар фермасын салу жобасының іске асырылуымен танысты. Осакаров ауданында министр өз өнімдерін шетелге экспорттайтын астық қабылдау кәсіпорны мен құрғақ бие сүтін шығаратын зауытқа барды.
Биыл Қарағанды облысында құны 11,6 млрд теңге болатын АӨК-те 26 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.