Ауыл шаруашылығы министрі импортқа тәуелді азық-түлік тауарларын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында импортқа тәуелді азық-түлік тауарлары туралы айтты.
Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының негізгі 29 түрі бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуде. Азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі шамамен 85 пайызды құрайды. Құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма, қант және балық сияқты тауарлар импортқа тәуелді, - деді ведомство басшысы.
Министрдің мәліметінше, 2021 жылы өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 18,6% - ға, шұжық өнімдері 9,5% - ға, алма 7% - ға, құс еті 27% - ға, қант 28,9%-ға, балық 10,1%-ға ұлғайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысында «Балықшылар» демалыс орны ашылды
Өзгелердің жаңалығы