Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сапархан Омаров Ақмола өңіріне жұмыс сапары барысында комбайн шығаратын зауыт пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын бірқатар кәсіпорынды аралады.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.


Министрдің сапары Ақмола облысы мен Көкшетау қаласындағы ҚР АШМ-ның аумақтық бөлімшелері мен ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларымен кездесуден басталды.

ҚР АШМ басшысы «Казростинжиниринг» ЖШС комбайн шығаратын зауытқа барды. Кәсіпорында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндары, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы қондырғылары шығарылады. Жыл басынан бері кәсіпорын 26,4 млрд. теңгеге 440 комбайн құрастырған.


Сондай-ақ облыс орталығында Сапархан Омаров Көкшетауда ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде өз өнімдерімен танымал «Гормолзавод» ЖШС-да болды. Қазір зауытта кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыратын жаңа цехтар салынуда.


Ауыл шаруашылығы министрі «Синегорье» ЖШС-де ұн өндіру, дәнді және майлы дақылдарды сақтау және қайта өңдеу барысымен танысты. Кәсіпорында орнатылған инновациялық жабдық «дәнді және майлы» дақылдарды бір уақытта қабылдауға мүмкіндік береді.


Сапар соңында министр «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-да болды. Жаңа өндіріс орны пайдалануға берілгеннен кейін құс етін өндіру жылына 25 мың тоннаға дейін артады.


Құс фабрикасына жақын жерде тағы бір инвестор өсімдік майын өндіретін зауыт салып жатыр. «Бота-2015» ЖШС-нің өндірістік қуаты тәулігіне 600 тоннаны құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы