Ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі және базалық салаларының бірі – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министр Ербол Қарашөкеевауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін мерекесімен құттықтады.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі және базалық салаларының бірі болып табылады, сондықтан оны драйвер деп атайды. Сала қызметкерлері өздерінің адал және игілікті еңбектерімен азық-түлік қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің экспорттық әлеуетінің зор үлесін қамтамасыз етіп отыр, - деді ол.
Сонымен бірге, ауыл шаруашылымыз пайдаланылмаған зор әлеуетке ие.
Оның табиғи бәсекелестік артықшылықтарын шебер қолдану және дамыту біздің елімізге жақын болашақта әлемдік азық-түлік нарықтарындағы жетекші көшбасшылардың бірі болуға мүмкіндік береді.
Ол үшін бізге ауыл шаруашылығында жүйелі өзгерістер жүргізу керек, оның мәні жаһандық климаттың өзгеруі және қазіргі әлемнің басқа да сын-тегеуріндерінің жағдайында саланың даму тұрақтылығын арттыруға келіп тіреледі. Бұған саланы әртараптандыру, заманауи инновациялық агротехнологияларды жедел енгізу, цифрландыру, адами капиталдың сапасын арттыру есебінен қол жеткізілуге тиіс, - деді министр.
Басты байлық – табиғи ресурстарға ұқыпты қарау проблемасын шешу әсіресе өзекті болып табылады деп атап өтті ол.
Жерді, су ресурстарын ұтымды пайдалану, ресурс үнемдеуші технологияларды кеңінен енгізу біздің қызметіміздің негізін қалаушы және базалық қағидаттарына айналуға тиіс. Осының бәрінде біз отандық қана емес, әлемдік аграрлық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйенуіміз керек. Саланы жедел дамытуда мемлекеттік қолдау мен реттеу шараларына да маңызды рөл берілетін болады. Біз оларды ашық, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кең ауқымына қолжетімді және ең бастысы тиімді етуге тиіспіз. Осының бәрі, түптеп келгенде, біздің ауыл шаруашылығымыздың бәсекеге қабілеттілігінің артуына, ауылдық жердің әлеуметтік дамуына, ауылдағы тұрмыс сапасының жақсаруына және ауыл еңбеккерлерінің еңбегі табысының өсуіне алып келуге тиіс.
Қымбатты ауыл еңбеккерлері, осы мереке күні сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін тағзым етемін.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан, жеке өз атымнан сіздерді бүгінгі тамаша мерекемен тағы да құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуын, ал сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық пен амандық әкелсін деп тілеймін!