Ауыл шаруашылығы 30 пайыздан 5 пайызға құлдыраған

Бұл туралы «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өткен саяси партиялардың пікірсайысында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Азық-түлік – мемлекет қауіпсіздігінің басты міндеті. Ауыл шаруашылығы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елдің жалпы ішкі өнімінің 30 пайызын құрайтын. Қазір осы көрсеткіш 5 пайыздан аспайды. Бұл – масқара тіршілік! Еліміз азық-түлік импортына тәуелді. Мысалы, 2022 жылы сырттан 600 мың тонна сүт, 170 мың тонна ет өнімдері әкелінген. Ал құс етінің 36 пайызын импорттаймыз, - деді ол.

Партиясы төрағасының орынбасарының айтуынша, бұл аграрлық әлеуеті бар ел үшін ұят. Сондай-ақ Жигули Дайрабаев шетелден азық-түлік алып, қаншама қаражаттан қағылып отырғанымызды, сондықтан оның бағасы да күн сайын қымбаттап жатқанын жеткізді.  

Соңғы жылдары 1950 ауыл біздің картадан жойылып кетті. Ол – үлкен қателік. Сондықтан менің түсінігім бойынша, әрбір ауылда санына қарамай, адами факторды бірінші кезекке қойып, ауыл шаруашылығын көтеру үшін қызмет жасауымыз керек. Ауылдың жағдайы жақсармай, мемлекеттің жағдайы ешқашан жақсармайды, - деді ол.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Скрин
Өзгелердің жаңалығы