Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 41,1 пайызға артқан. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға ұлғайып, 5,2 трлн теңгені құрады. Бұл ретте мал шаруашылығы өнімін өндіру 4 пайызға артып, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру 2019 жылғы қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты 1,7 пайызға төмендеді. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 41,1 пайызға артып, 501,6 млрд теңгені құрады. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 6,4 пайызға ұлғайып, 3,3 млрд АҚШ долларын құрады, - деді Сапархан Омаров.
Оның айтуынша, егін жинау қорытындылары бойынша 17,4 млн тонна астық бастырылған. Бұл 2018 жылдың деңгейінен 2,9 млн тоннаға немесе 14 пайызға аз.
Бүгінгі күні республика бойынша қолда 10,2 млн тонна астық, оның ішінде 7,8 млн тонна бидай бар. Астықты ішкі тұтыну көлемі 1 шілдеге дейін шамамен 5,8 млн тоннаны, бидай 3,8 млн тоннаны құрайды. Экспорттық әлеует 3,1 млн тонна астықты, оның ішінде бидай 2,7 млн тоннаны құрайды. Өтпелі қалдық шамамен 1,3 млн тоннаны қамтиды. Осылайша, елде бар астық көлемі халықты қамтамасыз ету, тұқым мен жемшөп қорын қалыптастыру үшін жеткілікті. Бұл ретте, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 604 мың тонна астық көлемінде азаймайтын қор қалыптастырды, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы