Ауыл шаруашылығы өнімі 7,9% қымбаттаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы тоғыз айда ауылшаруашылық құралымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 7,9%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 10,3%, мал шаруашылығы өнімі - 0,7% қымбаттады.
Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.2020 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда баға бидайға 2%, арпаға - 1,4%, сұлыға - 1%, тарыға - 0,6% өсті.
Баға қиярға 7%, бақша дақылдарына - 1,6%, пиязға - 0,6% өсті, ал асханалық қызылшаға 2,6%, қызанақ және қырыққабатқа - 1,3%-дан, картоп және асханалық сәбізге - 1,1%-дан төмендеді. Кептірілген бұршақ 2,7%, кептірілген жасымық - 1,3%, азықтық дақылдар және майлы тұқымдары - 1,1%-дан қымбаттады, ал жүзім 1,3%, жемістер және
жидектер - 1,2% арзандады.
Жылқы және құс еті 1%-дан, ірі қара мал еті - 0,5%, қой еті - 0,4% қымбаттады. Баға жұмыртқаға 7%, балға - 1,1%, шикі сиыр сүтіне - 0,9% өсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: 74 бала ем қабылдап жатыр
Өзгелердің жаңалығы