АШМ экспорттау бойынша көшбасшы өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты бойынша 2018 жылды қорытындылады.  

«АӨК өнімдерінің экспорты 3,023 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл АӨК мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген мақсатты индикатор 23%-дан жоғары. 2017 жылмен салыстырғанда экспорт 26% өсіп, жалпы өсім 1,26 құрады. АӨК экспорты бойынша мемлекеттік бағдарламаның жоспарлық көрсеткіші Атырау және Ақтөбе облысы, БҚО, ШҚО, Нұр-Сұлтан қаласында экспорт жоспарының артығымен орындалуының арқасында асыра орындалды. Өңделген өнімдер экспортының үлесі – 37%, ал экспортының өсу қарқыны 1,04% құрады», - деп айтты вице-министр. 

Гүлмира Исаева өңірлердегі экспорт көрсеткіштерімен таныстырды.

«АӨК өнімдері экспортының нәтижесіне үлкен үлес қосқан өңірлер мен қалалар мыналар: Алматы – 17,6% немесе 532 млн доллар, Қостанай облысы – 16,5% немесе 499 млн доллар, Нұр-Сұлтан – 14,5% немесе 438 млн доллар, Түркістан облысы және Шымкент – 12,4% немесе 373 млн доллар. Өнімдер экспортының айтарлықтай өсімі бойынша былтыр ШҚО – 110 млн доллар, Қостанай облысы – 47 млн доллар, СҚО – 39 млн доллар, Нұр-Сұлтан – 199 млн доллар және Алматы 114 млн доллар алды. Жалпы алғанда АӨК экспорты 635 млн құрады», - деді Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары.  

Оның айтуынша, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты бойынша өңірлер арасында Қостанай облысы (24%), Түркістан облысы мен Шымкентом (22%), Алматы (18% ) көшбасшылар қатарында. Осы үш облыс экспорттың жалпы көлемінің 64% орындаған.

«Басқа өңірлерге өңделген өнімдер экспортына үлестерін қосу үшін өңдеуді белсенді дамытулары қажет. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің 11 еліне 33 мың тонна ет экспорталды. Сиыр етін экспорттау бойынша Қазақстанда жалпы көрсеткіш 19,9 мың тоннаны көрсетті. Ал Түркістан (5 мың тонна), Ақтөбе және Ақмола облыстары (4 мыңнан әрбірі) өңірлер арасында көшбасшы атанды», - деді Исаева Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы