"Ауыл" партиясының Саяси кеңесі орташа 10 жасқа жасарды - саясаттанушы
Жақында «Ауыл» партиясының кезекті съезі өтті. Осыған орай саясаттанушы Ержан Ибраев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тәжірибесі мол Серік Егізбаев «Ауыл» партиясының басшылығына келген бетте партия қатарын жасарту үдерісін қолға алды. Партияның өткен съезі бұған жарқын дәлел болды. Сонымен партия Саяси кеңесі жаңа мүшелерінің орташа жасы осы саяси органның бұрынғы құрамынан 10 жасқа жасарды. Бұл стратегиялық шешімнің партия жұмысына жаңа идеялар мен инновациялық тәсілдер әкеле алатын жас, жігерлі және перспективалы кадрларды тартуға бағытталғаны айдан анық, - дейді ол.
Ержан Ибраевтың айтуынша, қазірдің өзінде партиялық функционерлердің орташа жасы айтарлықтай төмендеді. Бұл партиялық қызметтің динамикасы мен белсенділігіне оң әсер етеді.
Тұтастай алғанда, партияның жасаруы оған жастарға жақын болуға, олардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарын жақсы түсінуге, сондай-ақ қазіргі заманғы қиындықтарға тиісінше жауап беруге мүмкіндік береді. Жас мүшелер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса отырып, партиялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға белсене қатысады. Құрамның бұлай жаңаруы партияның ішкі демократиясы мен ашықтығын нығайтуға ықпал етеді, - дейді саясаттанушы.