«Ауыл» партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Кенжеғали Машырыков «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Жайық агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті.
«Ауылдықтардың» пікірінше, қайта өңдеу кәсіпорындары АӨК жүйесіндегі негізгі буын, өйткені бір жағынан олар қосылған құнды қалыптастырады және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады, ал екінші жағынан ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және жеке аулалардан шикізатты тұрақты сатып алуды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, «Жайық агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесуде партияның әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары туралы да айтылды. К.Машырықовтың айтуынша, «Бала нәсібі» балалар капиталын енгізу жәрдемақы түрлерін 7-ден 1-ге дейін қысқартуға мүмкіндік береді және халыққа түсінікті болмақ.
Ол статистика көрсетіп отырғандай, 2019 жылы бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны жаңа туған балалардың тек 65%-ы ғана пайдаланғанын атап өтті. Жәрдемақылардың бірнеше түрі мен көптеген кіші түрлерінің болуына байланысты шатасулар орын алуда және адамдар, әсіресе ауыл әйелдері мемлекет ұсынған көмектен бас тарту жағдайлары кездесуде.
Кездесуде бала капиталын енгізу бұл мәселені біржола шешіп, әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін арттырады деген ортақ пікірге келді.
Сонымен қатар, бүгін партия мүшелері өңірлерде бірқатар маңызды кездесу өткізді.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Береке» ШҚ базасында «Шаруа қожалық ауыл өмірінің діңгегі» атты іс-шара өткізілді, оған «Ауыл» партиясының мүшелері мен партия белсенділері қатысты.