«Ауыл» партиясының өкілдері «Ақсай» НТК-да болды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының өкілдері «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының ұжымымен кездесті.
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі «ауылдықтардың» басымдықтары қатарына кіреді. Өйткені мемлекет тұрақтылығының басты факторы азық-түлік өнімдеріне нақты және экономикалық қолжетімділік. Соңғы бес жылда Қазақстан АӨК индустрияландыруда айтарлықтай серпіліс жасады. Астық өндірісі мен экспортының әлемдік рейтингінде Қазақстан көшбасшылық позицияда тұр, алайда қайта өңдеу кәсіпорындары үшін отандық шикізат әлі де қолжетімді емес. Жоғары баға мен оның валотильділігіне байланысты қайта өңдеушілер ұзақ мерзімді жоспарлар құра алмайды, толық өндірістік қуатқа шыға алмайды.
Кездесу барысында электр энергиясына жұмсалатын шығындар, салық жүктемесі және арзан кредиттік ресурстардың болмауы нан пісірушілерге нанның бағасын тіпті төмендетуге және оның халық үшін экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтіні туралы сөз көтерілді.
Айта кетсек, «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты ЖШС 1978 жылы құрылған және Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы ірі нан пісіру кәсіпорындарының бірі болып табылады. «Ақсай» ХБК» ЖШС күн сайын 150 тоннадан астам өнім өндіреді, 1000-нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.