«Ауыл» партиясының «Ауылдан – ауылға» акциясы Жамбыл облысынан бастау алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің барлық аймағында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Ауылдан – ауылға» акциясы басталды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Акция барысында партия жетекшілері ауылдық жерлерді аралады.


Бұдан бөлек, партия мүшелері іргелес жатқан Байзақ ауданының Қызыл жұлдыз ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Осылайша бастау алған акция облыс орталығынан ауылдарға аттанды.

Жалпы соңғы 10 жылға дейінгі уақытта ел аумағында 7 мыңнан аса елді мекен болса, бүгінде алты жарым мыңнан аз ауыл қалған. Жергілікті жерде жұмыссыздық пен жағдайдың жоқтығынан ауыл тұрғындарына қалаларға үдере көшуге тура келген. Сол себепті урбанизация қарқынының артуы көрініс беріп отыр.

Жалпы Жамбыл облысындағы 10 ауданда 400-ге тарта ауыл бар. Ауылдықтар барлық елді мекенді қамтуды көздеп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы