«Ауыл» партиясы жаңа әлеуметтік саясат концепциясын әзірлеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне байланысты жаңа концепция әзірлеп жатыр.
Еліміздегі әлеуметтік саясат жаман емес. Қазақстан – халқының алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайтын жалғыз мемлекет. Біздегі әлеуметтік саясат дұрыс жүргізіліп отыр. Соған қарамастан көптеген резервтер мен олқылықтар бар. Қаражат неғұрлым көп бөлінсе, наразылық соншалықты көп болады. Демек, әлі де бірдеңені дұрыс істемей отырмыз. Кедейлік саны артып, ажырасу, мүгедек балалар мен қарттар саны артып келеді. Тәуелді көңіл-күй жақсылыққа апармайды. Сондықтан мұқтаж жандарға шынымен көмектесетінін анықтайтын дұрыс әлеуметтік саясат болуы керек, - деді партия төрағасы Әли Бектаев Нұр-Сұлтанда өткен дөңгелек үстел барысында.
Осыған байланысты, ол «Ауыл» партиясы жаңа әлеуметтік саясаттың өзіндік тұжырымдамасын әзірлеу туралы шешім қабылдағанын айтты.
Тұжырымдамада біз көптеген мәселелерді қамтыдық: заң шығару қызметінен бастап материалдық көмек көрсетуге дейін. Бұл әлі соңғы нұсқа емес. Әзірге талқылау кезеңіндеміз. Тұжырымдама аймақтарда талқыланады және екі айдың ішінде ортақ нұсқаға келеміз. Сосын дайын нұсқасын үкіметке ұсынамыз. Әлеуметтік саясат нақты, объективті және пайдалы болуы керек. Әлеуметтік саясат біздің халқымыздың өмір сүруге, жұмыс істеуге, біреуге көмектесуге ұмтылуына мәжбүр етуі керек, - деді партия төрағасы.
Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар мемлекеттік органдарға баланы туғаннан бастап 18 жасқа толғанға дейін әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандартын анықтауды ұсынды.
Әли Бектаев сонымен қатар, елде әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша 14 заң бар екендігін, оны бір ғана заңмен реттеуге болатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде кинотеатрлардың жұмысы қайта жанданады
Өзгелердің жаңалығы