«Ауыл» партиясы Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ауыл» партиясының мүшелері Дәурен Қуат пен Қанат Тасыбеков Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында ел тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды.
Сонымен қатар, кездесуге барысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру ісімен айналысып жатқан кәсіпорындар мен фермерлерді қолдау мақсатында қосымша құн салығынан босатып, несиелерді арзандатуды көздейтін субсидия түрлерін бесеуге дейін қысқарту бастамасы айтылды.
Сондай-ақ, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Ауыл» ХДПП мүшелері «Саянұр» базарында болып, жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.
Шығыс қазақстан облысы Глубокое ауданының Солнечное ауылында А.Ш.Шораев бастаған «Ауыл» партиясының бір топ өкілі «Жамбусинов» ЖК ұжымымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қостанайда «Ауыл» партиясының мүшесі В.В. Хадановичтің Қостанай облысы ауылдарының тұрғындарымен онлайн форматтағы кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушылар ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады.