Ауыл мұғалімі АҚШ-тың үздік университетінің докторантурасына түсті

Алматы облысы Жібек Жолы ауылындағы орта мектептің математика пәнінен мұғалімі Маржан Ержан «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың докторантурасында оқитын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Болашақ» стипендиаты Оңтүстік Калифорния университетінде білім саласындағы басқаруды зерттейді.

Ата-анамның жолын қуып, ұстаз болсам деген арман пайда болды. Ауыл мектебінде математикадан сабақ беремін, көпбалалы отбасыдан балаларға ағылшын тілін тегін үйретемін. Өзім де ауыл мектебін бітірдім. Шетелде оқуға мүмкіндігім болады деп ойламаппын. «Болашақ» бағдарламасының арқасында отандастарымыз әлемнің үздік жоғары оқу орындарында академиялық білім алып, ғылыми дәреже алуға мүмкіндік алды. АҚШ-тың докторантурасын бітіргеннен кейін еліміздің білім саласын дамытуға өз үлесімді қосқым келеді, - деп атап өтті Маржан Ержан.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы жүзеге асырылып келе жатқан 29 жыл ішінде білім саласы үшін 1058 маман шетелде даярланды. Қазіргі таңда олар бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 14 қазанға дейін «Болашақ» бағдарламасымен академиялық оқу мен тағылымдамадан өтуге құжаттар eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы