Ауыл мен қала арасындағы алшақтық қалай жойылады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жою үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою бағытында былтырғы жылдан бастап Республикалық “Ауыл мектебі – сапа алаңы” жобасы іске қосылды. “Қазақстан халқына” қорының қолдауы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми сүйемелдеуімен Ақтөбе облысында пилоттық режимде басталды. Жоба негізінде ауыл мектептерінің инфоқұрылымы жаңғыртылып, педагог кадрлар сапасы артып келеді, - деп айтты министр.
Бас ұстаздың айтуынша, нәтижесі биылдан бастап барлық аймаққа таратылады.
Бейсембаев атап өткендей, жоба аясында Республикалық "Дарын" орталығы алғаш рет ауыл мектептері оқушылары арасындағы республикалық пән олимпиадасын ұйымдастырды. Соның негізінде жүлделі орын иеленген ауыл мектебі оқушыларының саны 8 есеге жуық артты.
Астанада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Сапалы білім - сапалы адами капитал" атты бірлескен кеңейтілген алқа отырысында баяндама жасап жатқанын еске сала кетейік.