Ауыл мен қаланың айырмашылығы азаю керек – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауылдағы білім сапасы мен мектептердің жағдайы жақсаратын болса, ішкі миграция азаяды. Бұл туралы елорда педагогтарының жыл сайынғы Тамыз кеңесінде қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.  

«Енді, ауыл мен қаланың айырмашылығы азаю керек. Себебі, ауылдағы мектептердің жағдайын жасауға тиіспіз. Қазіргі кезде республикалық деңгейде қолға алынып жатыр. Егер, аудандарға да жағдай жасалатын болса, ішкі миграция да азаяды. Бәрі бірдей қазіргідей қалаға ағылмайды. Өйткені, қалада бәріне бірдей мүмкіндік жоқ. Ауылдарға жағдай жасалу қажет. Біздің әкімдікке қарасты 16 елдімекен бар. Соларға арналған тиісті жоспарды бекітіп жатырмыз», - дейді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, елорданың іргесіндегі ауылдарға арналған жоспарды қала әкімі ертең өтетін қоғамдық кеңестің отырысында талқыламақшы.

«Ол жерде де жиналып қалған мәселелер жетерлік. Тез дамып жатқан эконмикамызды, тез ауысып жатқан өмірдің талапарына сәйкес өзгеріс өте көп. Елде жасалып жатқан игілікті іс емес. Бірақ заман басқа. Талаптар өзгеріп жатыр. Әсіресе, білім саласында. Соны бірге атқаруымыз керек. Мемлекет басшымыз да білім саласына баса аударып отыр», - дейді елорда әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы