Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған экскурсия басталды

«Turkistan Travel Fest» шарасы аясында Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін арнайы тур басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турдың алғашқы күнінде Шолаққорған ауылынан келген балалар Кентау трансформатор зауыты, Ұлы Дала музейі мен «Farab» кітапханаларын аралайды. Экскурсия барысында оқушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі туралы ақпараттар берілуде.

Тур - оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу, техникалық мамандықтарға басымдық беру, өнеркәсіптік кәсіпорындармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған. Балалармен бірге жергілікті БАҚ өкілдері қатысып жатыр, - деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба аясында Түркістан облысындағы 5 ауыл, яғни Шолаққорған, Ораңғай, Шорнақ, Ынталы және Ынтымақ ауылдарынан жалпы саны 150 бала қатысады. Оқушыларға арналған экскурсия 13-17 қараша аралығында жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы