12 Наурыз 2022 2022, 16:10

Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала-2022» республикалық олимпиадасы басталды

Алматы, BAQ.KZ. Олимпиада «Елбасы Академиясы» Қоры мен Алматы облысы Білім басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Алматы, BAQ.KZ. Олимпиада «Елбасы Академиясы» Қоры мен Алматы облысы Білім басқармасының қолдауымен  өткізіледі. 

Биылғы жылы 30 мыңнан астам 5-6- сыныптағы ауыл мектептерінің  оқушылары қатысады деп күтілуде. Бұл туралы «Jetisý Media» ақпараттық алаңы хабарлады.

Олимпиадаға тіркеу 20 наурызға дейін жалғасады, сондай-ақ жеңімпаздар облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.

Олимпиада Міндеттері:
1) ауыл мектептері оқушыларының теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету;
2) дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды іріктеу және даярлау.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. І кезеңде Олимпиадаға қатысушылар онлайн - платформада танымдық ойлау деңгейін анықтау үшін кешенді тестілеу тапсырады.
Олимпиаданың I кезеңі когнитивті ойлау деңгейін анықтауға арналған кешенді тестілеуден тұрады және екі бөлімнен тұрады:
1) «Логикалық ойлау»;
2) «Кеңістіктік ойлау».
I кезеңге қатысу үшін Олимпиадаға қатысушылар тиісті жылдың күнтізбелік 30 күні ішінде онлайн-платформада тіркеуден өтеді. Тіркеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде қатысушылар үшін онлайн режимде тестілеуге қолжетімділік беріледі.
ІІ кезеңнің өтетін күні мен орны туралы мәліметтер, сондай-ақ олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысушылардың тізімі компьютерлік тестілеу өткізілгенге дейінгі күнтізбелік 10 күн бұрын ресми ресурста жарияланады.
Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:
1) «Математикалық сауаттылық»;
2) « Қазақ тілі», қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін;
3) «Орыс тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін;
4) «Ағылшын тілі»;
5) «Жаратылыстану».

Жеңімпаз атанған мың оқушыға Олимпиада жеңімпазының дипломы беріледі. Диплом тапсыру үшін ІІ кезеңнің жеңімпаздары күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, тұрғылықты өңірлері бойынша марапаттау рәсіміне шақырылады. II кезеңнің жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотаға сәйкес дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау мүмкіндігі беріледі,-делінген хабарламада.

Атап айтсақ, 2021 жылғы «Мың бала» олимпиадасы  Алматы облысында ұтымды өтіп, өз оңтайлы нәтижелерін көрсетті.