Ауыл мектептеріндегі интернет жылдамдығы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте жауап берді.

"Ауыл мектептеріндегі интернет жылдамдығы қандай?" деп журналист сұрақ жолдады.
Ауыл мектептерінде интернет жылдамдығы әр түрлі. Секундына 4 мб-тен басталады. Мектептердің 96%-ы интернет қосуға және 4 мб/с-тан жоғары интернет жылдамдығына қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Бұл 4 мб/с қаншалықты жеткілікті? Егер осыдан 2 не 3 жыл бұрын болғанда 4 мб/с айтарлықтай жеткілікті жылдамдық болатын. Ал қазір біз 6-8 мб/с қосуға болатынын көріп отырмыз. Сондықтан тарифтік жоспарды көбейту, өзгерту және деректерді тарату бойынша жылдамдықты көбейту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ деректерді беру жылдамдығына бақылау жүргізіп отырмыз, - деді Асхат Аймағамбетов. 
Дегенмен, интернет жылдамдығы жоғары емес мектептер де бар. Ол бойынша министр жергілікті әкімдіктер, Білім басқармаларымен қосымша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы