Ауыл мектептері қала мектептерінен 1,5 жылға артта келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту бойынша атқарылатын шараларды атады.

Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту. PISA деректері бойынша қазіргі уақытта алшақтық 1,5 жылды құрайды. Бұл алшақтықты қысқарту үшін кешенді шаралар қабылданды. Ең бастысы білікті педагогтармен қамтамасыз ету үшін шағын жинақталған мектеп педагогтеріне еңбекақы төлеу жүйесі өзгертіледі және ауыл мектептерінің оқу материалдарымен, компьютерлік жабдықтармен және цифрлық техника және ресурстармен толығымен қамтимыз. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 150 млрд теңге арнайы қарастырылып отыр, - деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, қалалық және ауылдық мектептер, өңірлер, оқу орындары арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту бойынша жетекшілік, "Мобильдік мұғалім", "Уақытша отбасы" пилоттық жобасын енгізу, ауылдық мектептерден дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету көзделеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысы екі есе артатынын айтты. Оның сөзінше, мектепте оқушылар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасы енгізілетінін атап өтті. Сонымен қатар министр балабақшалар кезең-кезеңмен лицензияланатынын баяндады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы