Ауыл мектебі қаладан кемі 5 жыл артта – Аралбек Берікұлы
Бұл туралы «Ұлттық идеология және ...» жобасының қонағы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, ұстаз Аралбек Берікұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол бір жылдан артық уақыт бұрын эксперименттік деген мәртебесі бар ШҚО, Көкпекті ауданы, Құлынжон ауылындағы мектепке директор болып барған еді. Аралбек сұхбатта сол тәжірибесіне және 2015 жылдан бастап ауыл мектептерінің жағдайымен танысқан басқа да тәжірибелеріне сүйене отырып ауыл балаларының шынайы білімі қандай екенін айтып берді.
Берікұлы ауыл мектебінің негізгі мәселелерін қозғап, ауыл мұғалімдерінің біліктілігіне тоқталды. Сондай-ақ ауыл мектебіне тексеріс келгендегі жағдай мен сайлау қалай өтетініне байланысты шындықты баяндады.
Эксперименттік мектептегі пилоттық жоба қалай жүзеге асып жатқанын, бір жылда қандай жеміс бергенін, мұғалімдер, аудан мен облыс білім басшылары тарапынан заңға қайшы қандай қарсылықтар болғанын айтып берді. Сонымен қатар, пәндер санын азайтуға, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, жалпы ауылдағы білімді көтеруге қатысты ұсыныстар айтты.