Ауыл медицинасында не өзгерді?

Қазақстанның басты құндылығы адам екені белгілі. Азаматтардың денсаулығы жақсы болса, қоғам да орнықты дамитыны ақиқат. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Бірақ жағдай әлі де мәз дей алмаймыз. Әсіресе ауыл медицинасы да көңіл бөлуді қажет етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Медицина тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында да айтылды. Тіпті Үкіметке денсаулық сақтау саласындағы жүйені қайта қарауды тапсырды. Биылдан бастап жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобада ең алдымен ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруды басып айтты.

Екі жылда - 650 емхана

Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды, - деді Президент былтырғы Жолдауында.

Сонымен қатар ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады деп күтілуде. Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл төрт млн-нан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Телемедицина бағытын дамыту да жолға қойылса, шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету біршама жеңілдейді дейді мамандар.

Ауыл халқы үшін – 32 көпбейінді орталық аудандық аурухана

Бұл – «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасында көрсетілген бір тармақ. Осы 2 жыл ішінде шалғайдағы елді мекендерді қоса алғанда, барлық ауыл медициналық инфрақұрылыммен қамтылады. Аудандық ауруханаларды көпбейінді медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту, арнаулы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ауыл халқын скринингпен қамту, ауылдағы медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін ашу, кадр мәселесі және ауылдағы медициналық көмекті дамытуға бағытталған басқа да мәселелерді шешу қарастырылған.

Ұлттық жобаны жүзеге асыру екі жыл ішінде барлық ауылды медициналық медициналық инфрақұрылыммен қамтамыз етуге мүмкіндік береді, - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Сондай-ақ Президент Жолдауын жүзеге асыру барысында көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңарту жұмысы қолға алынады.

Барлығы 32 көпбейінді орталық аудандық аурухананы ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде қолданыстағы 12 нысанды жаңартылып, жаңадан 20 аурухана салынады.

Бұл ретте көпбейінді орталық аудандық ауруханаларда қазіргі заманғы медициналық жабдықтары бар кардиологиялық және инсульт орталықтарын, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия, триаж жүйесі бар қабылдау бөлмелерін ұйымдастыру қарастырылған. Мәселен, аурханалар КТ, МРТ, ангиографтармен, сараптамалық кластағы Ультрадыбыстық зерттеу, эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі, - деді ведомство басшысы.

Скрининг жобасы іске қосылды

Таяудағы 2 жыл ішінде шалғайдағы барлық ауыл халқын скринингпен қамту, ауылдағы медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін ашу, кадр мәселесі және ауылдағы медициналық көмекті дамытуға бағытталған басқа да мәселелерді шешу қарастырылған. Мәселен ауыл халқына скринингтің жетіспейді. Осыны ескере отырып, 18 жастан бастап жаңа нысаналы топтарды анықтау арқылы ауыл халқын скринингпен қамту қайта қаралған.

Бұрын ауыл жастары 30 бен 70 аралығындағы адамдарға жүргізілетін скринингтік тексерулерден тыс қалатын. Енді ауылдық жерлерде нысаналы топтар айқындалды. Олар: «Жастар» – 18-ден 29 жасқа дейін, «Еңбек – 1» – 30-дан 44 жасқа дейін, «Еңбек-2» – 45-тен 65 жасқа дейін және «Зейнеткер» – 66 жастан асқандар, – деп мәлімдеді министр.

Белгілі болғандай, биыл қыркүйек айының ортасынан бастап ауыл халқына скрининг жасау бойынша пилоттық жоба Қарағанды (Абай аудандық орталық аураханасы), Ақмола (Аршалы аудандық орталық аураханасы) және Алматы облысында (Еңбекшіқазақ ауданының орталық аурханасы) өз жұмысын бастайды.Кейінірек бұл тәжірибе басқа өңірлерде кезең-кезеңмен енгізіледі.

Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары бой көтеруде

Ауылдық жерлерде 6 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталды. 17 нысан салынып жатыр, ғимараттарды жалдау арқылы 8 объектіні ашу жоспарда тұр.

Сонымен қоса аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен жабдықтау 84%-ға дейін жеткізілді. Көпбейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейінде «алтын сағат» қағидатын шұғыл пациенттерге қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының Шу қаласында жұмыс істеп тұрған 12 ауруханаға ауданаралық аурухана ұйымдастырылды. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асырудың арқасында ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен және консультациялық-диагностикалық қызметтермен қамту жоспардағы 49%-ға дейін жеткізілді.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдірген. 50 адамға дейін тұратын ауылдарда бір мейіргер жұмыс істесе, 500 адамнан артық тұрғыны бар елді мекендер үшін үш медицина қызметкері бөлінген.

Шалғайдағы ауылдардың 800 мыңнан астам тұрғынына 149 жылжымалы медициналық кешен консультациялық-диагностикалық қызметтер, скрининг, дәрі-дәрмектер ұсына отырып, медициналық көмек көрсетті. Биыл 10 өңірдегі 38 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды.

Мемлекет басшысының медицинаны жақсартудағы тапсырмасы әлі де жалғасын табады деп сенеміз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы