Ауыл малдан айырылса, жағдай өте жаман деген сөз – Саиров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жан-жақтан шөптің жоқтығы, болса еселеп қымбаттап кеткендігі жөнінде ақпарат келуде, деп жазды Ерлан Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еліміздегі биылғы қуаңшылық шаруалар үшін өте қиын болары сөзсіз. Жан-жақтан шөптің жоқтығы, болса еселеп қымбаттап кеткендігі жөнінде ақпарат келуде. Қуаңшылық тек Маңғыстау, Қызылорда облыстарын ғана емес, басқада қауіпті жер өңдеу өңірлерінде байқалуда. Ал еліміздің басым көпшілігі қауіпті жер өңдеу аймағы болып табылады, - деп жазды ол.
Мұндай жағдай елу-жүз жылда бір рет болатын құбылыс.
"Жұт жеті ағайынды" дейді, мұның арты бағаның тағы да еселеп өсуіне, ауылдағы ағайынның күн көрісінің одан да төмендеуіне алып келуі ықтимал. "Жығылған үстіне жұдырық" демекші, бұл еліміздің халқының әлеуметтік жағдайын тоз-тоз жасап, әлеуметтік- экономикалық балансты бұзуға алып келуі ықтимал. Ауыл халқының күн көрісінің қайнар бұлағы осы азын-аулақ мал. Ауыл малдан айырылса, жағдай өте жаман деген сөз, - деп жазды Ерлан Саиров.
Жергілікті жердегі әкімдер барша халыққа қысқа жем-шөп дайындауға көмектесуі тиіс.
Барлық аудандарда жем-шөп дайындау оперативті штабтарын құру өте маңызды! Өкімет өз резервтерінен шаруа қожалықтары мен жеке адамдардың жем-шөп науқанына қосымша жанармай бөлу мәселесін қарастыруы тиіс. Өкімет жанынан осы мәселе бойынша Оперативті штаб құрылғаны өте маңызды! Мен өзім, ертең аймақтарға жол жүремін, аймақтарға шыққанда жем-шөп науқанына баса көңіл аударатын боламын. "Біз біргеміз!", - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлытау ауданында ТЖ режимі жарияланды – Қасымбек
Өзгелердің жаңалығы