ШҚО-да ауыл әкімі 11 жасар баланы өрттен аман алып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малоубинка ауылдық округінің басшысы өрт сөндірушілер жеткенше, жанып жатқан үйден 11 жасар қызды алып шықты. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, бірнеше күн бұрын Глубокое ауданының Секисовка ауылында түн ішінде өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер жеткенше жалын үйді тұтас шарпып үлгерген екен. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метрді құрады.

"Үй отқа оранған кезде 11 жасар қыз бала бөлмеде қалып қойған. Әжесі үйге кіре алмаған. Осы кезде Сергей Сомов көмекке келді", - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.


Сергей Сомов еш ойланбастан жанып жатқан үйге кіріп, есінен танып қалған бүлдіршінді сыртқа алып шыққан. Балақайдың әжесі де қатты уланған. 

ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта зардап шегушілердің жағдайы тұрақталды.

Айта кетейік, Секисовка ауылының тұрғыны Сергей Сомов көрші Малоубинка ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы