Ауыл кәсіпкерлері әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылында кәсіпкерлер бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл жерде жаңа жекеменшік балабақша ашылды. Сонымен қатар, жергілікті бизнесмендер спорт нысандарының құрылысына қаржы салды.

Аудан әкімі Шағурашид Мамалиновтың айтуынша, бұл мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әріптестігінің жақсы үлгісі.

50 орындық "Супер Ботақан" балабақшасы бұрыңғы тұрғын үй орнында ашылды. Жобаны Мөлдір Бердалиева мен Арыстан Құсайынов отбасылық кәсіпкерлердің жұбы жүзеге асырды. Үй-жайды жөндеуге және қажетті жабдықтарды сатып алуға ерлі-зайыптылар банктен несие алған. Аудандық билік құжаттарды ресімдеуге көмектесті.

Балабақша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасына кірді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша аудандық бюджеттен бір балаға 30,3 мың теңгеден шығын өтеледі. Субсидиядың арқасында ата-аналарға ай сайынғы төлем айына 9 000 теңгені құрайды.

Балабақша иелері ауыл тұрғындарына 12 жаңа жұмыс орнын ашты.

"Бүгінгі таңда бизнес өзара тиімді шарттарда әлеуметтік жобаларды іске асыруға қаражат жұмсауда. Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы бойынша Көкпекті ауылында балабақша ашылған болатын. Келесі кезекте Үштөбе болды. 2020 жылы Ботақара аудан орталығында Ғ. Мұстафин кентінде, Петровка ауылында жаңа жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер ашу жоспарлануда", - дейді Шағурашид Мамалинов.

Осылайша, балабақшаларға кезекте тұрғандар мәселесі шешілуде, деп атап өтті ол.

Үштөбеде сонымен қатар жеке инвестицияларға екі спорт кешені салынуда. Олардың біреуі бос тұрған жерде, екіншісі бұрынғы дәмханада орналасады. Олардың ашылуымен спорт инфрақұрылымы ауылдықтар үшін қолжетімді болмақ. Аудандық билік бұл нысандарды МЖӘ бағдарламасына қосуға уәде берді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы