Ауыл халқын ауызсумен қамту мақсатында 27 жоба жүзеге асырылады

Ертіс өңірінің ауылдарын сапалы ауызсумен қамту мақсатында 27 жоба жүзеге асырылады. Олардың 19-ы қолданыстағы су жүйелерін реконструкциялауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасының басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, жобаларды іске асыруға 15 млрд теңге бөлінбек.

Облыста оптимизациялауға жататын, халық саны аз 18 елді мекен бар. Орталықтандырылған ауызсу жүйесін қосудан бас тартқан тоғыз ауыл бар. Тұрғындарды сумен қамту бойынша тағы кзедесулер өткізіліп, нәтижесінде кешенді блок-модульдер орнату жосарланған. Жобалар кесте бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бақылау күшті, - дейді Ержан Салханов.

Десе де, өткен жылдан бері сол күйі жүзеге асырылмай қалған жобалар бар. Себеп – мердігерлердің салғырттығында.

Баянауыл ауданындағы Сұлужон, Лекер, Майкөбе және Қызылшілік ауылдарына орталықтандырылған жүйе сол күйі соңына дейін салынбады. Жобаларды тоқтатпау үшін техникалық аудит жүргізілді. Мердігер жасамаған жұмыстар бойынша сметалық құжаттама әзірленді. Олардың аяқтау үшін 650 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, мердігерлер анықталды. Жұмыс жалғасып жатыр. Ал бұрынғы мердігер компания сотқа берілді, - дейді Ержан Салханов.

Айта кетейік, облыс аумағындағы ауылдарда 222 мыңнан астам тұрғын бар. Олардың 210 мыңнан астамы үшін оралықтндырылған су жүйесі қолжетімді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы