«Ауыл – ел бесігі». 66 көшенің жолы жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлайды.
Атап айтсақ, 2020 жылы бағдарлама аясында Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округінің көшелеріне және Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарының елді мекендер көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, жалпы ұзындығы 71,05 шақырым 66 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде, Арал ауданы 18 көше – 10,5 км, Қазалы ауданы 7 көше – 14,53 км, Сырдария ауданы 9 көше - 13,6 км, Шиелі ауданы 1 көше - 2,2 км, Жаңақорған ауданы 10 көше – 16,5 км, Қызылорда қаласының 21 көшесі – 14,67 км жөнделуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы