Ауыл әйелдерінің республикалық форумы өткізіледі
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл форум биыл бесінші мәрте ұйымдастырылуда. «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Мұратұлының айтуынша, форумға әр өңірден ауыл әйелдері іріктелінетін болады.
Форумға іріктеуді әр өңір бойынша облыстық әкімдік тарапынан жүргізеді. Әрбір өңірден ауыл өмірінің барлық саласына қатысты 10 әйел іріктерліп алынады. Одан бөлек, тағы 20 қатысушыға арнайы марапатымыз бар. Жалпы биылғы форумға 250-ге жуық адамды күтіп отырмыз,-дейді ол.
Форум барысында әртүрлі мәселелер талқыланады дейді ол.
Тек қана кәсіпкерлік емес, әлеуметтік түрлі мәселелер талқыланады. Мысалы, инфрақұрылым, білім мәселесі. Форум аясында әйелдер тәжірибелерімен бөлісіп, ой толғау өткізеді,-дейді ол.
Сондай-ақ, баспасөз конференциясында сөз алған «Әлеуметтік динамика» ӘҚ директоры Елена Анатольевна гендерлік теңсіздік туралы да мәселелер сөз қозғалатынын айтты.
Форумға Халықаралық ұймдардың белсенді мүшелері де қатысатын болады. Біз өз кезегімізде форумға 10 жыл уақыт болғанын айтып өткім келеді. Бұл форумның барысында түрлі экономикалық, саяси, гендерлі теңсіздік секілді мәселелер көтеріліп отырады. Біз жасаған жобалардың барлығы да нәтижелі екенін айтқым келеді,-дейді ол.