Ауыл әкімін сайлау жастардың да болашағын айқындайды
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл әкімдерін сайлау Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округіндегі 583 сайлау учаскесінде де қызу жалғасып жатыр.
Аталған сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Камалитдин Ишметов қазірге дейін ауыл халқының 1500 адам дауыс бергенін айтып берді.
Бүгінгі сайлау өзгеше өтіп жатыр. Халық та белсенді. Алғашқы рет өз әкіміне дауыс беруде. Мұнда екі үміткер әкім болуға бел шешті. Ал үйден сайлаушылар саны - 10. Санитарлық нормалардың бәрі жақсы сақталған. Кешке шейін ауыл тұрғындары толық қатысады деген ойдамын, - деді Камалитдин Ишметов.Айта кетейік, мұнда халық саны - 16138 адамды құрайды, сайлаушылар саны - 9847. Сайлау учаскелер саны - 5. Ауыл округі әкімдігіне жалпы 4 үміткер құжаттарын тапсырған. 1 үміткер Nur Otan партиясынан, 1 үміткер – «Ақ жол» партиясынан, 2 үміткер өзін өзі ұсынған азаматтар. 1 - үміткердің құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған, 1 үміткердің құжаты ҰҚК-нің тексеруінен өтпеді.
Бүгінгі күнге Қарамұрт ауылдық округі әкімдігіне 2 үміткердің біреуі Nur Otan партиясынан және екіншісі өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Олар 1981 жылғы (мамандығы: тарих және география), 1988 жылғы (мамандығы: Мемлекеттік және жергілікті басқару).
Сайлауға 18 жасқа толған Қарамұрт ауылының тұрғыны, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 2-курс студенті Мафтуна Нажиева алғаш рет дауыс беруге келіп, арнайы сыйлық ұтып алды. Оның айтуынша ауыл әкімін сайлау жастардың да болашағын айқындайды.
Мен 18 жасқа толып алғаш рет сайлауға қатысып, өз даусымды бергеніме қуанып тұрмын. Екі үміткер көрсетілген. Олардың бағдарламасын үгіт-насихат жүргізу кезінде Facebook-тегі парақшаларынан бақыладым. Ол кісілердің жасаған жұмыстарын байқап көрдім. Өзіме ұнаған кандидатқа дауыс бердім. Төрт жылға қойған бағдарламасы керемет. Жалпы ауыл әкімін сайлау болашақ жастар үшін де ауыл тұрғындары үшін де маңызды. Өйткені ауыл әкімін сайлау арқылы ауылдың жағдайын түзеуіне, артқа кетпеуіне атсалысады. Ауыл халқы да қала сияқты жағдайда өмір сүргісі келеді. Солндықтан ауыл әкімін сайлаған кезде мұқият болу керек деп ойлаймын, - деді Мафтуна Нажиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Мерке-Шу-Бурылбайтал». Транзиттік жолдың тағдыры
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы