Ауыл әкімін сайлау. 40 ауылға 151 кандидат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында ауыл әкімі сайлауына қатысуға 151 кандидат үміткер ретінде ұсынылды.
ҚазАқпарат ХАА мәліметінше, өңірде 40 ауылдық округі бойынша 151 кандидат бағын сынайды.
Олардың ішінде 53 адам (35,1 пайыз) саяси партия атынан сайлауға түссе, 98 адам (64,9 пайыз) өзін-өзі ұсынғандар.
Саяси партиялар 38 округі бойынша өз кандидаттарын тіркеді. Атап айтқанда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан -7, «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясынан - 5, Nur Otan партиясынан - 32, Adal саяси партиясынан - 4, Қазақстан халық партиясынан – 5 адам ауыл әкімі сайлауында ел сеніміне ие болуға күш салады.
Орташа бәсекелестік 3,8 адамды құрады. Жаңақорған ауданы Кейден және Шиелі ауданы Майлытоғай ауылдық округтерінде 1 мандатқа 6 адамнан үміткер болып отыр. Ал 6 сайлау округінде 1 мандатқа 5, 12-де 4, 20-да 3 кандидаттан ұсынылған.