Ауыл әкімдері 15 млн теңгеге дейін бір көзден сатып ала алады

Ауыл әкімдіктеріне 4 000 АЕК шегінде бір көзден сатып алуға рұқсат беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев жалпы отырыста заң жобасының новеллаларын таныстырды.

Экономиканы ырықтандыру туралы Жарлықтың нормаларын орындау мақсатымен депутаттар бір көзден сатып алудың бірқатар негізін алып тастауды да ұсынды. Қағаз және (немесе) электрондық мерзімді басылымдарды, сондай-ақ мамандандырылған авиациялық жөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу бойынша қызметтерді сатып алу алынып тасталды.

Сонымен қатар депутаттардың ұсынысы бойынша ауыл әкімдіктері үшін бір көзден сатып алу шегі 4 000 АЕК-ке дейін ұлғаяды.

Бүгін Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды Сенатқа жолдағанын еске сала кетейік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы