Аустриядағы лаңкестік. Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аустриядағы лаңкестікке қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
2 қараша күні кешке Аустрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Аустриялық полиция терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізуде, - делінген хабарламада.
Қазақстанның Аустриядағы елшілігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ.
Айта кетейік, Аустрия астанасы Венада лаңкестік шабуыл болды. Қарулы шабуылды бірнеше қаскөй ұйымдастырған, олардың бірін полиция атып өлтірді, енді сыбайластарын іздеп жатыр. Қалада ауқымды арнайы операция жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин әкімдерге 1 ай уақыт берді
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы