Аустрияда қазақстандық музыканттар ерекше қошеметке бөленді

Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің бастамасымен және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Алатау» фольклорлық ансамблінің әртістері Аустрияның ең ірі дәстүрлі «Филлахер Кирхтаг» (Villacher Kirchtag) музыка фестивалі аясында өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай және басқа да ұлттық аспаптарда шебер орындалған қазақстандық композиторларының туындылары мен өнер майталмандарының концертін Аустрия, Италия және Словенияның талғампаз көрермендері ыстық ықыласпен қарсы алды.

Биыл филармонияның 55 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған қазақ музыканттарының жеке сыйы – қазақ халқының ұлы ақыны күнін тойлау аясында Абай шығармалары орындалды.

«Алатау» ансамблі Филлах қаласының бас алаңында өткен концерттер сериясына және Альпі-Адриатика аймағынан 70-тен астам топпен «Ұлттық киімдер шеруіне» қатысты. Фольклор, музыкалық өнер, халықаралық қатысушылардың жарқын киімдері ұмытылмас түрлі-түсті көріністің бейнесін қалыптастырды.

Мен Филлах қаласының тұрғыны ретінде өзімді фольклорлық өнердің нағыз жанкүйері деп атай аламын, сондықтан бұл жыл сайынғы фестиваль менің жадымда жақсы сақталған. «Алатау» әртістерінің өнер көрсетуі мен тамашалаған үздік әрі кәсіби өнер көрсетулердің бірі болды. Концертті басынан аяғына дейін рақаттанып тамашаладым. Сиқырлы кеш үшін барша әртістерге алғыс айта отырып, тек сәттілік тілеймін, – деп Аустрияның бұрынғы депутаты және ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрайымы Кристин Муттонен бөлісті.

30 шілде мен 6 тамыз аралығында өткен дәстүрлі 78-ші «Villacher Kirchtag» фестивалі биыл 300 мыңнан астам көрермендерді жинады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: СІМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы