Аустрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияда болған қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты.
Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Аустрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек, - деп жазды Президент Твиттерде.
Айта кетейік, Аустрия астанасы Венада лаңкестік шабуыл болды. Қарулы шабуылды бірнеше қаскөй ұйымдастырған, олардың бірін полиция атып өлтірді, енді сыбайластарын іздеп жатыр. Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Жиһадшылар Венадағы терактты өз мойнына алғаны туралы осыған дейін хабарладық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күліп келіп, жылап қайтатын қарыздан мемлекетке қандай қауіп бар
Өзгелердің жаңалығы