Australian Open финалы: Джокович 9-рет жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Australian Open чемпионатында әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович тоғызыншы рет жеңіске жетіп, рекорд орнатты.

Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Новак Джокович турнирдің финалында ресейлік Даниил Медведевті 7:5, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. 

Матч 1 сағат 53 минутқа созылды.

33 жастағы Джокович 9-рет Australian Open финалында ойнап, 9-рет жеңіске жетіп отыр. 

Осы жолы спортшы 18 рет Үлкен дулыға титулын алды.

Ал Даниил Медведев Үлкен дулыға турнирінің финалында екінші рет ойнап көрді, алайда жеңе алмады. 

Бұған дейін ол US Open-2019-да испаниялық спортшы Рафаэль Надальдан жеңілген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы