Australian Open-2022. Анна Данилина финалда ұтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен жұптық сында өнер көрсеткен қазақстандық Анна Данилина Australian Open-2022 турнирінің финалында ұтылды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұптасып өнер көрсеткен Данилина финалда чехиялық Барбора Крейчикова/Катержина Синякова жұбына жол берді. 

Үш сетке созылған матчта чехиялықтар 7:6(7:3), 4:6, 4:6 есебімен жеңіске жетті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы