Ауруын ұмытып қалатын жағдайға жетеді. Депутат емнің бағасы туралы
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Үкімет сағатында жеке клиникалардағы баға мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заңнамаға өзгеріс енгізіп, бюджетті жоспарлау керегі айтылды. Бірақ мұның барлығы уақытты талап ететін, айларды, жылдарды талап ететін мәселелер. Ал Қазақстандағы биліктің қайнар көзі саналатын халықтың нақты шешуді талап ететін бірқатар мәселесі бар. Өйткені кез келген салада шешімді Астананың сол жағалауында қабылдағанмен онымен өмір сүретін халық екенін ұмытпауымыз керк, - деді депутат.
Нартай Аралбайұлы МӘМС мәселесіне қатысты өзіне келіп түскен сауалдар мен арыз-шағымдардың 90%-ы тар бейінді мамандарға қатысты екенін айтты.
Терапевті екі апта күтеміз. Одан кейін тар бейінді маманды апталап, айлап күтеміз. Қайтадан терапевтке айналып келеміз» деген мәселе бар. Тар бейінді мамандардың ішінде невропотолог, ревмотолог жетіспейтінін халық жиі айтады. Науқас болған, сырқатқа шалдыққан адамның бірінші жауы – уақыт. Сондықтан халықтың талабы мынадай: терапевтке қайта айналып келіп жүре бермей, бір мәрте келдік, тар бейінді маманға жолдандық, ары қарай өзге анализдерді тапсырып, емделе берсек. Халықтың осылайша уақыт жоғалтпасақ деген талабы бар, - деді ол.
Депутат Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан ауруханалардағы тар бейінді мамандардың жетіспеушілін қалай шешетінін сұрап, халықтың талабына қатысты ойын сұрады.
Азаматтар емделу үшін жеке клиникаларға баруға мәжбүр болады. Бірақ ол жақтағы бағаларды естіген кезде адамдар ауруын ұмытып қалатын жағдайға жетеді. Жеке клиникалардағы баға саясатын реттеу мүмкіндігі бар ма?, – деп айтты Нартай Аралбайұлы.