Аурулар тізімі жаңа диагнозбен толықты
Жемқорлыққа қарсы талдаудан кейін тыныс алу жолдарының химиялық күйіктері аурулар тізіліміне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша «Тыныс алу жолдарының химиялық күйігі» диагнозы аурулар тізіліміне қайтарылды. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін тыныс алу жолдарының күйіп қалуы бойынша медициналық диагноздың болмауы емдеуде көптеген проблема туғызып, өңірде жалған қолайлы экологиялық жағдайдың көрінісін тудырды. Бұл диагнозды қалпына келтіру қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларының әсерін нақты бағалап өңдеуші кәсіпорындар үшін кейіннен пәрменді ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді, - делінген ведомство хабарламасында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы мен жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру мәселесі талқыланды. Жалпы, өңірдің ластану проблемасы Шығыс Қазақстан облысының жемқорлық тәуекелдері картасының негізгі ахуалы болып табылады. Сонымен қатар антикормониторинг көрінеу жалған геологиялық есеп беру фактілерін анықтады. Бұл есеп мемлекеттік тауарлық-материалдық қорлар комиссиясының бекітуіне берілді. Геологиялық есепке сәйкес «саздақ» материалы түрінде 26,6 млн текше метр пайдалы қазбаның болуы зерттелген. Алайда, ШҚО мен Абай облысының аумағында барланған және бекітілген материал-саздақтардың барлық көлемі небәрі 6 млн текше метрді құрайды. Пайдалы қазбалардың нақты жетіспеушілігі экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін. Себебі, бұл көлем улы қалдықтардың қосымша қоймаларын салу үшін жоспарланғандықтан радиоактивті болып табылады. Мониторинг қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға қарау сатысында тұрған ұсынымдар енгізілді.
Сонымен қатар көмір мен жайылымдық жерлердің жетіспеушілігінде проблемалар бар. Көмірмен қамтамасыз ету бөлігінде, Антикордың ұсынысы бойынша, қазірдің өзінде екі қосымша теміржол көмір тұйықтары жұмыс істейді. Оларда 5 мың тоннадан астам көмір қоры бар. Бір тоннаның орташа құны 16 мың теңгені құрайды. Жайылымдардың жетіспеушілігі мәселелері бойынша жалпы ауданы 32,3 мың га жер учаскелерін қайтару қамтамасыз етілді. Барлығы 8 айдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүкіл ел бойынша жемқорлық тәуекелдеріне 150-ден астам талдау және мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 1300-ге жуық ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді.