Сынамалар отандық зертханаларға жіберіледі – Бекшин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдан тараған коронавирустық инфекцияға байланысты ауруханаға түскен науқастардың сынама нәтижелері 3 күнде анықталады. Оны қазақстандық зерханаларға жібереді. Алматы мен Нұр-Сұлтанда отандық диагностика қою әдістері әзірленуде. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
Мамандарымыз тұмауды, суық тиюді, ЖРВИ-ді болдырмау, коронавирусты анықтау үшін науқастан сынама ала алады. Қазіргі уақытта еліміздің 2 жерінде, Алматы мен Нұр-Сұлтанда биотехнология ғалымдарымен бірлесіп, отандық диагностика қою әдістерін әзірлеудеміз. Ауруханаға түсіп жатқан науқастардың сынамаларын өзіміздің зертханаларға жібереміз. Ол үш күнде анықталады. Қиыншылық туса, онда біздің алгоритмге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен зертханаға сынамаларды жібереміз, - дейді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі Ресейдегі әріптестерімен сынамаларды Мәскеу мен Новосибирск қалаларындағы зертханаларға жіберуге өзара келіскен.
Бас санитарлық дәрігер 30 қаңтарға дейін отандық диагностикалау әдісі дайындалатындығын хабарлады.
Қытайдан келген азаматтарымыз және шетелдіктердің бәрі есепке алынды. Себебі осы келген отандастарымыздан және шетелдіктерден ЖРВИ (ОРВИ), тұмау белгілерін анықтау, оны толық зерттеп, диагноз қоюмыз керек. Мұндай ауру шықса, онда оны тез арада анықтап, оқшаулауымыз қажет. Сонда ғана ел азаматтарын вирустан қорғаймыз, - деп түсіндірді спикер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СІМ-де коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашылды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы