Ауруханада жатқан үшінші альпинист көз жұмды

Астанада «Алтын бесік» тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп жатқан кезде биіктіктен құлаған төрт альпинистің үшіншісі қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 қазанда 1999 жылы туған жігіт көптеген ішкі жарақатымен №2 көпсалалы қалалық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылып, оған барлық қажетті көмек көрсетілген болатын.

Тағы бір жарақат алған альпинист сол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы да аса ауыр деп бағаланып отыр.

Еске салсақ, Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде төрт альпинист биіктіктен құлап кеткен болатын. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмып, тағы бір альпинист ауруханада дүние салған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы