Ауруханада орын тапшы. Covid-19 өршіп тұр деген ақпарат рас па

Мессенджерлерде инфекциялық ауруханалар Covid-19 пациенттерімен толып жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдың басынан бері елде 1356 Covid-19 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 есеге төмен. Бүгінгі таңда 6285 инфекциялық төсек-орынның 0,1%-ы Covid-19 бойынша қамтылған. Өлім-жітім тіркелген жоқ, - делінген хабарламада.

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда.

Жалған ақпаратты таратушы тұлғаларддың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материал құқық қорғау органдарына жіберілді. Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз, - делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ
Өзгелердің жаңалығы