Аурудың бастапқы кезеңінде бірден антибиотик қабылдау дұрыс емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "Короновирустық инфекция және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы туралы" онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой азаматтарға антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауымен ғана қабылдау керегін ескертті.

Қазір үйде ем алып жатқан науқастарды антибиотикпен емдеуге жүгіретіндер көп. Бұл - мүлдем дұрыс емес. Аурудың жеңіл, бастапқы кезеңдерінде дүрбелеңге жол беруге болмайды. Егер науқастың температурасы 38 градустың айналасында болса, ыстық түсіретін әдеттегі препараттарды қабылдау керек. Бұған дейін ағза түрлі бактерия және вирустармен өздігінен күреседі. Иммунитет дамиды. Көптеген жағдайда, яғни, температура аса көтерілмеген кезде ағза сұйықтықты көптеп ішу және басқа да әдістерді қабылдау арқылы өздігінен күреседі, - деді министр.

Алексей Цой антибиотиктерді тек дәрігерлердің тағайындауы бойынша ғана қабылдау қажеттігін тағы да еске салды.

Антибиотиктерге төзімділік деген түсінік бар. Ол дегеніміз - біз аурудың жеңіл кезеңдерінде күшті антибиотиктерді қолданар болсақ, болашақта осы антибиотиктерге қажеттілік туындаған кезде, ағзаның сезімталдығы мен бактериялардың сезімталдығы азаяды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы