Ауқатты адамдар неге саяхаттауға құмар болады

Бай адамдар өмірлерін қатерге тігіп эйфорияны сезінгісі келгендіктен экстремалды туризммен айналысады. Бұл туралы Daily Mail басылымда психолог Скотт Лайонс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маманның түсіндіруінше, үлкен дәулет иелері экстремалды оқиғаларға құмар болады.

Миллионерлер парашютпен секіреді, Килиманджароны бағындырады және мұхит түбіне саяхаттайды. Олардың қоятын мақсаты біреу - күнделікті қайталана беретін өмірден құтылу, – деді психолог.

Лайонс экстремалды туризм қызықты эмоциялардан бөлек миллиардерлерге қоғамда маңызға ие болу үшін және күш сезімін беретінін айтады. Бірақ бұған кейбір ауқатты адамдардың өзін-өзі бағалауының төмен болуы да себеп.

Табысыңыз өскен сайын сіз одан да көп ақшасы бар адамдармен араласа бастайсыз. Байлық - бұл үнемі сынақ және өзіңізді басқалармен салыстыру тәжірибесі. Осының аясында әр адамда “маған көбірек қажет” деген сезім пайда болады, – деді Скотт Лионс.

Психолог мұндай тәуекелдерге жиі бару үшін әдет қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: www.dailymail.co.uk
Өзгелердің жаңалығы