Әулиекөлде арнайы дұға жасалды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысы Әулиекөл ауданының орталық «Әмит ишан» мешітінде жамағатпен бірге табиғи апатқа байланысты арнайы дұға жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Уа, Алла Тағала! Сенің құдіретің барлық нәрсеге жетеді. Сенен асқан құдірет иесі жоқ. Біз Сенен жерімізге төнген қауіптен құтқаруыңды сұраймыз. Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апаттан, өрттен аман еткейсің. Өртті ауыздықтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген бауырларымызға Өзің жар болғайсың. Әмин!, - деп дұға етті Бас мүфти.

Алла қабыл етсін! Жаратқан Қостанай жұртына жар болсын!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы