Әулиекөл орманы қалпына келеді
Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданында 3 жыл ішінде 54 миллион көшет егілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл белгіленген жоспардың жартысы ғана. 2027 жылға дейін 17 мың гектар алқапта 113 миллион ағаш егу көзделіп отыр. Осылайша өртенген орман алқабын қайта қалпына келтіру қажет.
Мамандардың айтуынша, межеден шығу үшін өңірдегі қарағай мен қайың көшеттерін өсіретін тұқымбақтар кеңейтілетін болады. Жетпей жатса, сырттан алынады.
Еске сала кетсек, 3 жыл бұрын Әулиекөл ауданында 40 мың гектардан астам орман алқабы өртеніп кеткен еді. Сол кезде өрттен қалған, күйген ағаштарды кесіп, тазарту жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы